Таразда алаяқ 250 мың теңгеге жүргізуші куәлігін алуға көмектеспек болған

0 470

Тәртіп сақшылары бірқатар алаяқтық оқиғасын жасағаны үшін Тараз қаласының тұрғынын ұстады.

Полицияға белгісіз ер адамның «жүргізуші куәлігін жедел алып беремін» деген сылтаумен олардың 250 мың теңгесін иемденіп кеткені туралы 3 шағым түскен.

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда күдікті кінәсін мойындады, алаяқтан зардап шеккен өзге де тұлғаларды анықтау бойынша тергеу амалы жүргізіліп жатыр.

ar-ay.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.