Оқушылар қайтадан мазмұндама мен диктант жазады
Қазақстанда мектеп бағдарламасы жаңартылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Енді оқушылар қайтадан мазмұндама, шығарма және диктант жазатын болады. Сонымен қатар, 5–7 сыныптарда «Конституция негіздері», 8–9 сыныптарда «Заң және тәртіп», ал жоғары сыныптарда «Құқық негіздері» пәндері енгізіледі.
Сондай-ақ, 8–9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» аптасына екі сағаттан оқытылады.