Паспорт әлемдік рейтингте 57-орынға көтерілді: Қазақстандықтар 80-ге жуық елге визасыз бара алады

0 39

Фото: Stan.kz

Қазақстан паспорты Henley Passport Index әлемдік рейтингінде 57-орынға көтерілді. Енді Қазақстан азаматтары 78 елге визасыз бара алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Henley & Partners жаңартылған индексіне сәйкес, Қазақстан паспорты жаһандық рейтингтегі орнын жақсартып келеді.

Қазақстан 2023 жылы 70-орында болса, 2024 жылы – 66-орынға, 2025 жылы – 61-орынға көтерілген. Ал биыл ел 57-сатыға жайғасты. Осылайша, соңғы 2,5 жылда Қазақстан паспорты 13 орынға жоғарылады.

Рейтингте Қазақстан Боливия мен Беларусьтен жоғары тұр, алайда Косово мен Қытайдан кейін орналасқан.

Орталық Азия елдері қай орында?

Аймақтағы елдер арасында Қазақстан орта тұста келеді.

  • Қырғызстан мен Өзбекстан 73-орында тұр. Бұл елдердің азаматы 59 елге визасыз кіре алады;
  • Тәжікстан 79-орында, 53 елге еркін бара алады;
  • Түрікменстан 87-орында, 45 елге визасыз қатынайды.
  • Ресей 44-орында – 113 бағыт;
  • Беларусь 58-орында;
  • Әзірбайжан 66-орында – 67 ел.

Ең мықты және ең әлсіз паспорттар

Рейтингтің көшін Сингапур бастап тұр. Бұл елдің азаматтары 192 мемлекетке визасыз бара алады.

Одан кейін:

  • Жапония;
  • Оңтүстік Корея;
  • Біріккен Араб Әмірліктері;
  • Швеция;
  • Бельгия;
  • Дания;
  • Финляндия;
  • Франция;
  • Германия;
  • Ирландия;
  • Италия.

Ал ең әлсіз паспорт Ауғанстан еліне тиесілі. Бұл елдің азаматтары небәрі 24 мемлекетке визасыз бара алады.

Рейтингтің соңғы жағында:

  • Сирия;
  • Ирак;
  • Йемен;
  • Пәкістан;
  • Сомали;
  • Солтүстік Корея;
  • Непал;
  • Бангладеш;
  • Эритрея;
  • Шри-Ланка;
  • Палестина орналасқан.

Henley Passport Index паспорт деңгейін қалай анықтайды?

Henley Passport Index белгілі бір ел паспортымен қанша мемлекет пен аумаққа визасыз баруға болатынын анықтайды. 2025 жылы жаңартылған нұсқада 199 елдің паспорты және 227 бағыт қамтылған.

Бағалау жүйесі визалық талаптарға негізделеді:

  • егер азамат елге визасыз кіре алса — паспортқа 1 балл беріледі;
  • егер виза шекарада рәсімделсе, келу кезінде берілсе немесе алдын ала үкімет мақұлдауын қажет етпейтін электронды рұқсат (ETA) болса — 1 балл;
  • егер сапар алдында виза немесе e-Visa алып, алдын ала рұқсат алу қажет болса — 0 балл беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдан бастап Қазақстанда паспорт мен жеке куәлік жасату қымбаттайтыны туралы жазған едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.