Қазақстанда бірқатар мемлекеттік қызметкер нашақорлыққа тексеріледі
Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл шара мемлекеттік қызметшілер арасында есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз тұтынудың алдын алу және анықтау мақсатында енгізіліп отыр. Заң жобасында медициналық тексеруден өтудің негіздері мен тәртібі, сондай-ақ бұл талап міндетті болып табылатын лауазымдар тізімі нақтыланған.
Алайда, медициналық куәландырудан өтуі тиіс лауазымдардың нақты тізімі көпшілікке жария етілмейді. Мәжіліс сайтында жарияланған салыстырмалы кестеге сәйкес, бұл тізімді мемлекеттік органның басшысы немесе аппарат басшысы бекітеді. Құжатқа «Қызметтік пайдалану үшін» грифі беріліп, ол таратылуы шектелген ақпараттар санатына жатқызылады.
Жаңа талап мемлекеттік аппараттың тазалығын сақтауға және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Заң жобасы Мәжілісте мақұлданғаннан кейін, одан әрі қарау үшін Сенатқа жіберіледі.
фото: shutterstock