Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «І-тоқсан қорытындысымен аудан бюджетінің орындалуы туралы» аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Имашев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «І- тоқсан қорытындысымен аудан бюджетінің кірістер бөлігінің орындалуы туралы» удандық кірістер басқармасының бөлім басшысы Тамара Спатаева есеп берді.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Жаңатас қаласындағы сенбілік жұмыстарының барысы туралы» Жаңатас қаласының әкімі Илияс Домалақов атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық қаралып, аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы баяндамашылар мен жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.