КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
2026 жылдың 6-8 сәуір күндері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен «SERPIN WAY 2.0» жобасы аясында Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарының білім беру ұйымдарының 11–сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында университеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына кадр даярлайтын негізгі білім беру орталығының «Серпін» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда жүйелі жұмыс, білім беру бағдарламасының мақсатын айқындау, жастарды солтүстік өңірлерге тарту, көші-қон үдерістерін реттеу, мемлекеттік грант, жатақханамен қамтамасыз ету және әскери кафедра оқу туралы ақпараттық-түсіндірме жүргізілді.
Іс-шара соңында қонақтар барлық қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, өз тараптарынан алғысын білдірді. Сондай- ақ, ата- аналарға жоғарғы оқу орны туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.