«Мақсатымыз – электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету»:

Аймақ басшысы Берік Уәли Үкімет отырысында Абай облысын жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету бағытындағы жобалар мен жоспарлар туралы баяндады.

Өңірді жылу және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету үшін бірқатар ірі жобаларды іске асыру көзделген. Мысалы, Семей қаласында жылу қуаттылығы 1000 гигакалория, электр қуаты 360 мегаватт болатын үшінші жылу электр орталығын салу жоспарланған. Нысан құрылысын биыл бастап, 2029 жылдың соңында аяқтау көзделіп отыр.
Курчатов қаласында қуаттылығы 700 мегаватт болатын конденсациялық электр станциясын салу да жоспарланған. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 2026-2029 жылдары 350 мегаватт, екінші кезеңде 2029-2030 жылдары қосымша 350 мегаватт қуат іске қосылады.
«Аталған жобаларды жүзеге асыру облыстың электр энергиясының қауіпсіздігіне, қуат тапшылығын азайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік береді», – деді облыс әкімі.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ