ТӨРТ ТҮЛІК ТӨЛІН ӨСІРУДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН НӘТИЖЕ
Қордай ауданында көктемгі мал төлдету науқаны қарқынды әрі нәтижелі жүргізілуде. Бұл – ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды кезеңдердің бірі.
Қожалық жетекшісі Талант Төреханұлының айтуынша, сақман науқаны барысында әрбір төлдің амандығы мен сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Нәтижесінде, 100 саулықтан 100 қозы алу көрсеткішіне қол жеткізілуде.