ТАРАЗДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ТӨРТІНШІ СӘУІРДЕ АЯҚТАЛАДЫ

0 38
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен жылыту маусымы бойынша штаб отырысы өтті.
🔹 Шаһар аумағындағы білім беру және денсаулық сақтау нысандарына 2025 жылдың 6-шы қазанынан бастап, ал көппәтерлі тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға 9-шы қазаннан бастап тұрақты жылу берілді.
Бүгінгі таңда жылыту маусымының 178-ші тәулігі өтті. Барлық жылу өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс атқаруда. Бекітілген температуралық кестеге сәйкес жылу берілді. Сондай ақ, апаттық топтар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар тарапынан шағымдар бойынша апаттық топтармен зерделеу, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
📌 «Қазгидромет» мекемесі және «yandex.kz» ресурстық орталығының 2026 жылдың сәуір айына арналған ауа-райы болжамын зерделей отырып Таразда сәуір айының 3-нен 4-не қараған түнгі сағат 00.00-ден бастап жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.
📌 Жиын соңында Бақытжан Әмірбекұлы жауапты сала басшыларына жылыту маусымын қалыпты әрі қауіпсіз аяқтауды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындардан түсетін өтініштер мен шағымдарға жедел әрекет ету, жылу жүйелерін кезең-кезеңімен тоқтату барысында техникалық ақаулардың алдын алу жүктелді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.