Беларусьте төңкеріс жасамақшы болыпты

0 441

Мәскеуде белорус елінде мемлекеттік төңкеріс жасауды ұйымдастырмақ болғандар қолға түсті. Беларусьтің ОНТ телеарнасы ұсынған бейнесюжетте саясаттанушы Александр Федута, заңгер Юрий Зенкович және бірнеше әскеридің төңкеріс жоспарын талқылағаны баяндалады. Күдіктілерді тұтқынға алу операциясын Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Беларусь Мемлекеттік қауіпсізлік комитеті бірлесе жүргізген.

Беларусь президенті Александр Лукашенко қамауға алынғандардың өзіне және балаларына қастандық жасамақ болғанын мәлімдеді. Қазір күдіктілерді тергеу амалдары жүргізіп жатыр.

jasqazaq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.