Ауылдағы өзекті мәселелер талқыланды
Бүгін Президент Жарлығына сәйкес Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап, ауылдағы өзекті мәселелерді талқыладым.

Жалпы, соңғы үш жыл ішінде аталған ауылдық округті дамытуға бюджеттен 1,1 млрд теңге қарастырылып, 20 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды.
Олардың қатарында ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын «Қарақат» жерасты су каналының құрылысы, көше жолдарын жөндеу және жарықтандыру, балалар ойын алаңдары мен саябақтарды абаттандыру бағытындағы жұмыстар бар.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыл бейітін қоршау, білім беру нысанын жөндеу, көгілдір отын үшін төлем мерзімін шегеру және өзге де мәселелер көтеріліп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.