Зейнетақыдан 20% ұсталады деген ақпарат шындыққа жанаспайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тараған зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдаланып, ынтымақты зейнетақы қысқарады деген жалған видеолар таратқан.
Еске сала кетейік, биыл 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері 10%-ға артты. Қазір базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені, ал ең жоғары мөлшері 60 005 теңгені құрайды.