Ел болып жұмылып, үй салуға жәрдемдесуде
Үстіміздегі жылдың 23 наурызы күні Жаңажол ауылының тұрғыны Қуандық Қыржынбаевтың үйінен өрт шығып, үй түгелдей өртеніп кеткен болатын. Қайғылы оқиғаны естіп, бейжай қарай алмаған аудандық мәслихат депутаттары жерлесіміздің үйіне барып, қаржылай көмек көрсетті.
Бүгінде ауылдықтардың, туыс-туғанның көмегімен фундаментін қалап, кірпішін көтерген Қуандық аудандық және ауылдық әкімдіктің де қолғабысын алған.
Аудандық мәслихат хатшысы Жасұлан Әбенов бастаған бір топ депутат үй иесі Қуандыққа жақсылық тілеп, жамандық өртпен кетсін дегенді тілге тиек етті.