Қарағандыда әйел мен 12 жасар қызы өлі табылды
Қарағандыда әйел мен қызын өлтірді деген күдікті іздестірілуде.
Қарағандыда бір пәтерде 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызы мерт күйінде табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай 26 наурызда Крылова көшесіндегі тұрғын үйде орын алған. Полиция мәліметінше, денелерінде зорлық белгілері анықталған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу органдары барлық мән-жайды анықтау үшін кешенді оперативтік-тексерушілік шаралар жүргізіп жатыр.
Ведомствоның хабарлауынша, болжамды күдікті анықталды, ол қайтыс болған әйелдің танысы болуы мүмкін. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр, көршілердің айтуынша, ол қайтыс болған әйелмен бірге тұрған.
Politico.kz.