Облыс әкімі саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли қазақстандық танымал саяхатшы, видеоблогер Дастан Мұхамедрахыммен кездесті.

Жақында Францияның Канна қаласында өткен WIBA Awards 2026 халықаралық марапаттау рәсімінде Дастан Мұхамедрахым «Әлемнің үздік travel-блогері» марапатына ие болды. Ол өз еңбектерінде Қазақстанның табиғи байлығын – асқар тауларын, кең байтақ даласын, қайталанбас ландшафттарын ерекше көркемдікпен бейнелеп, көрерменге шабыт сыйлап келеді.
Аймақ басшысы кездесу барысында саяхатшы блогердің шығармашылығын жоғары бағалап, еліміздің, оның ішінде өңіріміздің туристік имиджін қалыптастырудағы еңбегі үшін облыс жұртшылығы атынан алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ