Балаларға стоматологиялық көмек МӘМС аясында қалай көрсетіледі?

0 43

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде көрсетіледі. Бұл балалардың тіс денсаулығын қорғауға және қажетті емді уақтылы алуға мүмкіндік береді.

Шұғыл көмек
Шұғыл жағдайларда (қатты тіс ауруы, ісіну, жарақат және т.б.) медициналық көмек:
тегін көрсетіледі
жедел түрде қабылданады
белгіленген тәртіпке сәйкес қысқа мерзімде ұсынылады

МӘМС аясындағы стоматологиялық қызметтер:
• асқынған каресты емдеу;
• пульпит, периодонтитті емдеу;
• ауыр стоматит түрлері;
• абсцессті ашу;
• қанулар мен невралгияны емдеу:
• ауыз-жақ аймағы жарақаттарды емдеу;
• тістерді уақытша шиналау;
• ерін және тілдің таңдай жалғамасын пластика жасау;
тісжегіні емдеу және пломба салу;
сүт және тұрақты тістерді емдеу;
жансыздандыру (анестезия);
профилактикалық тексерулер мен алдын алу шаралары.
Аталған қызметтер:
мемлекеттік стоматологиялық емханаларда
сондай-ақ МӘМС жүйесімен келісімшарт жасасқан жекеменшік клиникаларда көрсетіледі

Жамбыл облысындағы жағдай
Жамбыл облысында жалпы саны 25 стоматологиялық орталық жұмыс істейді. Оның ішінде 24 жекеменшік стоматологиялық орталық «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның облыстық филиалымен келісімшартқа отырған.
Бұл орталықтардың барлығы балаларға:
шұғыл
және жоспарлы түрде
стоматологиялық көмек көрсетеді.

Тәулік бойы қызмет
Соның ішінде Жамбыл облыстық балалар тіс емханасы тәулік бойы жұмыс істеп, шұғыл жағдайда балаларды кез келген уақытта қабылдайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.