Қоғамға қайта бейімдеу жұмыстары жалғасуда

0 21

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталған азаматтарды босату және оларды қоғамға бейімдеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соның бірі – «Қақпа алдындағы кездесу» бағдарламасы.
Аталған бағдарлама аясында шаруашылық жасағына қалдырылған сотталған азаматтармен қақпа алдында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға Жұмыспен қамту орталығының өкілі, мекеме қызметкерлері және жергілікті атқарушы орган мамандары қатысты.
Кездесу барысында босатуға дайындалған азаматтарға әлеуметтік, құқықтық кеңестер беріліп, оларға тұрақты жұмыспен қамту, уақытша тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік төлемдер және мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды тіркеуге алу тәртібі мен бос жұмыс орындары жайлы түсіндірді, еңбек нарығына бейімделу жолдарын көрсетті.
Мекеме басшылығы атап өткендей, шаруашылық жасағына қалдырылған сотталған азаматтарды босатуға дайындау, олардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу басты мақсат болып табылады. «Қақпа алдындағы кездесу» бағдарламасы бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.