МЕКТЕП ПЕН АТА — АНА: ОРТАҚ МАҚСАТ, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

0 21
Жанұя – әрбір бала үшін алтын бесік. Баланың өмірге деген көзқарасы, мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттері ең алдымен отбасында қалыптасады. Ата-ана – баланың алғашқы тәрбиешісі, ал ұстаз – оның білім мен тәрбиесін толықтырып, бағыт- бағдар беретін тұлға. Сондықтан бала тәрбиесінде мектеп пен ата- ананың ынтымақтастығы бір- біріне ауадай қажет.
🔰Бүгін Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы Сарысу орта мектебінде «Мектеп пен ата — ана: ортақ мақсат, жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар форумы өтті.
🔰Алдымен келушілер фойеде мектеп оқушыларының қолөнер көрмесімен танысты. Форумға Сарысу ауданының білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, Сарысу аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ердәулет Аманбаев, Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция қызметінің аға полиция майоры Жандос Амангелдиев, Сарысу аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда және ата-аналар қатысты.
📌Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Мектеп пен ата — ана: ортақ мақсат, жарқын болашақ» тақырыбында Сарысу орта мектебінің директоры Амина Шегірова баяндама жасады.
📌Мұнан соң «Құқықтық сауатты ұрпақ – қауіпсіз қоғам негізі» тақырыбында Сарысу аудандық прокуратурасының аға прокуроры Ердәулет Аманбаев, «Кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау – қоғам мен отбасының бірлескен міндеті» туралы Сарысу аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналдық полиция қызметінің аға полиция майоры Жандос Амангелдиев хабарлама жасады.
🔰Қорытынды сөз, «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі» тақырыбында сөйлеген аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов ата- ананың бала алдындағы міндеттеріне тоқталып өтті. Форумда бірқатар белсенді ата-аналарға аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттары тапсырылды. Шара концерттік бағдарламаға ұласып мектеп өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.