ШАҢЫРАҚ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0 52
🔰17 наурыз — Шаңырақ күніне орай, бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов ауданымыздағы бірқатар отбасыларды мерекемен құттықтады. Аудан әкімімен бірге орынбасарлары мен зиялы қауым өкілдері де жүрді.
🔰Алдымен аудан басшысы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазовтың шаңырақтарында болды. Бүгінде отау құрғандарына 50 жыл толған Серік ағамыздың отбасы жұбайы Жұмакүл Аппазовамен бірге әулеттің ұйытқысы болып отыр.
🔰Мұнан соң Сәкен Үмбетұлы Сарысу ауданының Құрметті азаматы, Жазушы Пернебай Дүйсенбиннің үйіне де кіріп шықты. Бүгінде жұбайы Зағиша Сманмен шаңырақ көтергендеріне 60 жыл болған отбасы шаңырақтың алтын діңгегіне айналып отыр. Аудан әкімінің құттықтауы жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Бергентай Нұрмаханұлының шаңырағында жалғасты. Жұбайы Жұмабекова Қаттакүлмен 55 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан отбасы әулеттің берік іргесіне айналған.
🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтап шыққан шаңырақтарға шаттық, бақыт, ырыс пен ынтымақ тіледі. Нағыз отбасының үлгісіне айналып жүрген берекелі шаңырақтардың іргесі сөгілмесін деген тілегін жеткізіп, арнайы сый- сияпат жасады. Өз кезектерінде ауданымыздың құрметті ардагерлері шаңырақ күнімен құттықтаған аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығын тіледі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.