Қала әкімі балаларға арналған іс-шараға қатысты

0 56

Әз Наурыз мерекесі қарсаңында Қайырымдылық күніне орай «Береке бастауы – Наурыз!» атты іс-шара өтті.
Ерекше балаларға арналған айрықша шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, ізгі тілегін білдірді.

Шарада әуелі көпшілік назарына «Шебер қолдар» атты қолөнершілер көрмесі ұсынылды. Көрмеде ұлттық нақыштағы бұйымдар, қолдан жасалған түрлі өнер туындылары таныстырылып, қазақ халқының асыл қазынасы кеңінен дәріптелді.
Келесі кезекте «Құс қанатындағы Наурыз» атты театрландырылған қойылым сахналанды. Қойылым аясында Ұлыстың ұлы күнінің терең тағылымы, жаңару мен жаңғыру идеясы көркем түрде бейнеленіп, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар көрініс тапты.
Іс-шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласып, балғындар жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.
Шара соңында балаларға қала әкімінің арнайы сыйлығы табысталды.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.