Каспий теңізінде бір тәулік ішінде екі рет жер сілкінді

0 49

Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, соңғы жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 13:18-де тіркелген.

Оның магнитудасы 3,3 баллды құрады. Жер сілкінісінің ошағы 74 шақырым тереңдікте орналасқан.

Осыған дейін сол күні таңғы уақытта да Каспий теңізінде жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 05:57-де тіркеліп, магнитудасы 3,1 балл болған. Бұл жер сілкінісінің ошағы да 74 шақырым тереңдікте жатқан.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278178-kaspii-tenizinde-bir-taulik-isinde-eki-ret-zer-silkindi?fbclid=IwY2xjawQlHZdleHRuA2FlbQIxMQBzcnRjBmFwcF9pZBAyMjIwMzkxNzg4MjAwODkyAAEeQ3f6S8kZ_NB9PARdXv3AcVVGwyJFv_yx20o46IpeCkgxVSZH35Hh-wsyjZs_aem_MOY6H2_qtL3XOj7uOaJNMg

Leave A Reply

Your email address will not be published.