Б.Құлекеев дауыс берушілерді белсенділік танытуға шақырды
Республикалық референдумда әулиеаталықтар белсенділік танытуда. Солардың қатарында «Қазфосфат» ЖШС Бас директорының кеңесшісі, Қоғамдық кеңес мүшесі Батырбек Құлекеев те бар.
Батырбек Әбдірасілұлы ел болашағы үшін аса маңызды саяси науқандағы таңдауын Тараз қаласындағы №28 референдум учаскесінде жасады.
– Бүгін еліміз өз болашағы үшін таңдау жасауда. Азаматтық құқығымды пайдаланып, өскелең ұрпақ үшін дауыс бердім. Біз үшін ең маңыздысы – ел болашағы. Мемлекетіміздің тұрақты өркендеу жолын таңдауы», – деді Б.Құлекеев.
Саяси науқанның ел болашағы үшін маңызды екендігіне баса назар аударған қоғам қайраткері дауыс берушілерді белсенділік танытуға шақырды.