Атыраудағы трагедия: ІІМ жанжалдың себебін жариялады
Атырау облысында зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың екі баласының өліміне қатысты істің басты себебі белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 29 жастағы күдікті Сұлтан Сәрсемалиев қылмысқа ақша мен мүлікті иемдену ниетімен, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы жалғасқан тұрмыстық кикілжіңдердің әсерінен барған.
Тергеу мәліметтері бойынша, ол бұл әрекетін алдын ала ойластырып, кейін марқұмдардың денелерін әртүрлі жерге жасырған.
Индонезиядан елге депортацияланған Сәрсемалиев өз кінәсін мойындап, ересек балалардың жерленген орнын тергеушілерге өзі көрсеткен.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал онымен бірге ұсталған марқұмдардың кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева сот-психиатриялық сараптамаға жіберілді.
Бұл қылмыстық іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр.
smartnews.kz коллажы
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277624-atyraudagy-tragediia-iim-zanzaldyn-sebebin-zariialady