АНА — ӨМІРДІҢ НҰРЫ

0 56
🔰Жанымызды жадыратар көктемнің ең шуақты да шұғылалы күні, нәзіктік пен мейірімге толы арулар мерекесі айқара есік ашып келеді. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, балаларының бақыты.
🔰Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Ана — өмірдің нұры» атты мерекелік іс шара өткізілді. Нәзікжандылардың мерекесіне арналған кешке қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов алдымен фойеде тілек бұрышына аналарға арнап, тілегін жазды.
Сонымен қатар, құттықтау сөз сөйлеп, барша аналарға, әйелдер қауымына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Ауданымыздың әлеуметтік — экономикалық дамуына қосып жүрген бірқатар нәзікжандылар «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен және аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
🔰Мерекелік іс — шара концерттік бағдарламаға ұласты. Барша сарысулық әйелдер қауымына эстрада жұлдызы Жандос Қаржаубай әннен шашу шашты.
Сонымен қатар, ауданның өнерпаздары мектеп оқушыларынан құралған хор «Ана», ауданымыздан құралған Жігіттер тобы «Қазағымның қыздары», әншілер тобы «Аналарға арнау» әндерін орындаса, Сарысу халықтық театры «Мен бармын қасыңда» көрінісі көпшілікті әсерге бөледі.
Айжанқыз бишілер ұжымы мың бұрала билеп, көрермендердің ықыласына бөленді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.