ЖАҢА РЕФОРМА — МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ЗАҢ КҮШІ
Жаңа жобада адамның негізгі құқықтарын шектеуге болмайтын жағдайлар нақты көрсетілген. Төтенше жағдайлар кезінде де азаматтық еркіндіктерді сақтау басты міндет болып табылады.

Реформа мемлекеттің өкілеттігі мен азаматтың құқығы арасындағы тепе — теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл норма азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін арттырып, мемлекет қызметінің ашықтығын күшейтеді. Бұл туралы бүгін аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков Жаңатас көпсалалы колледжінде өткізген кездесуде баяндады.


Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудандық мәдениет үйінің әншілері өнерлерін көрсетті.
