Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген сүңгуірдің өзі із-түзссіз кетті

0 822

Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің бірі суға кетіп, денесі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл туралы «КТК» арнасы айтты.

23 жастағы келіншекті іздеуге бір топ құтқарушы Тараздан арнайы келген екен.  Олар полицейлердің сұраныс хатында көрсетілген төңіректі сүзіп шығуға кіріскен.

Кешке тақау іздеу аяқталар тұста кенеттен жел тұрып, екі метрлік толқын пайда болыпты. Асау ағыс 50 жастағы сүңгуір мінген қайықты қойманың ортасына қарай тартып әкеткен. 20 жылдық тәжірибесі бар Жұмағали Әбдірахманов кері қайта алмасын түсініп, желдің бағытымен жүре берген. Ол сол бойда оралған жоқ. Тіс қаққан маманның қалай суға батып кеткені түсініксіз.

Жарты сағаттан кейін қарсы жағалаудан оның құтқару жейдесі мен мотор қайығы табылған. Ал өзін он төрт күннен бері  әріптестері іздеп жатыр. Алматы облысынан да құтқарушылар көмекке келген.

Тасөткел су қоймасының ұзындығы 21, ал ені 8 шақырым. Тереңдігі 25 метерге жуық. Ауқымды аумақтан адам денесін табуға 100-ге жуық құтқарушы мен екі тікұшақ жұмылдырылған.

Жамбыл облысында екі ай бұрын үйінен шығып кеткен 23 жастағы келіншек іздестіріліп жатыр. Тәртіп сақшылары оны жер-көктен іздегенімен, әзірге еш нәтиже жоқ.

Шу ауданының тұрғыны Гүлдана Санақбайдың туыстары оны бұрынғы күйеуі ұрлап әкетті деп күдіктенеді. Өйткені із-түзсіз кеткен келіншек ең соңғы рет сонымен бірге көлікке мініп, сол күйі оралмаған. Гүлдана Санақбайдың бұл ең соңғы рет көзге көрінуі.

Индира Тілеубаева қызын бұрынғы күйеу баласы ұрлап кетті ме деп күдіктенеді. Оның айтуынша, Гүлдана алты жыл бұрын тұрмыс құрған. Бірақ беташардан кейін көп ұзамай күйеу баласы істі болып, бес жарым жыл жазасын өтеп шыққан. Кейін ерлі-зайыптының діни көзқарасы сәкес келмей, ақыры ажырасып тынған. Алайда бұрынғы күйеуі Гүлдананы қорқытып, соңынан қалмай қойыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.