«Жақсы хабар күтіп отырмыз»: Жанболат пен Жазира Дубайдан елге қайта алмай отыр
Танымал жұлдызды жұп Жанболат Бақытбеков пен Жазира Байырбекова Дубайдан мәлімдеме жасады.
Әншілер Дубай қаласына демалуға барып, Таяу шығыстағы қақтығыстардың ушығуынан қалып қойған.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Дайректке, ватсапқа жазып жатқан туған туыс, дос-жарандарға рахмет. Біз жақсы хабар күтіп отырмыз. Алаңдамаңыздар. Рахмет ниеттеріңізге! Алла қаласа жақсы күнде жолығамыз», — деді Жазира Байырбекова.
Айта кетейік, Иран мен АҚШ, Изриль арасындағы соғыс әсерінен Дубайға қатынайтын барлық рейстер жабылды. Демалуға барған қандастарымыз елге орала алмай отыр.