Наурыз ҰБТ-сы басталды
Бүгін наурыз айында өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
«Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Математика-Физика», оны талапкерлердің 18,7%-ы таңдаған. Яғни, бұл – болашақ мұғалімдер, инженерлер, механиктер, техниктер мен технологтар, энергетиктер, құрылысшылар. Ал 16,6%-ы «Биология-Химия», 10,3%-ы «Шығармашылық емтихан» пәндерін таңдады, сәйкесінше болашақ медициналық қызметкерлер мен шығармашылық саласының мамандары», — делінген хабарламада.