19 миллион болуға 83 мың жетпей тұр

0 394

Бір жыл ішінде халық саны 245,3 мың адамға өскен.   2021 жылғы 1 наурызда еліміздегі халық саны 18 917,2 мың адамға жеткен. Оның ішінде қала тұрғындары –11 187,2  169,7 мың (59,1%), ауыл тұрғындары –7 730,0 мың адам (40,9%) . 2020 жылдың 1 наурызынан бері халық саны 245,3 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Биылғы қаңтар-ақпанда республика халқының табиғи өсімі 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (42,0 мың адам) 0,2% өсіп, 42,1 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,71 адам.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, биыл қаңтар-ақпан айларында 65,7 мың адам дүниеге келген. Бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткішке (64,7 мың адам) қарағанда 1,6% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,41 нәрестені құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 23,7 мың адам қайтыс болған. Бұл 2020 жылдың қаңтар-ақпанына (22,7 мың адам) қарағанда 4,2% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,70 адам қайтыс болған.

2021 жылдың қаңтар-ақпанында республикада 1 жасқа толмаған 517 нәресте шетінеген. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда (583 нәресте шетінеген) 11,3% аз. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 сәбиге шаққанда 7,86 оқиғаны құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 1 398 адамды елімізге тұрғылықты тұруға келсе,  3 422 адам кеткен. Яни Қазақстан осы аралықта 2 024 адамын жоғалтты.

Біздегі көші-қонның басым бөлігі ТМД мемлекеттерімен байланысты. ТМД елдерінен келгендер мен кеткендер көшіп-қонушылардың жалпы санының  83,4% және 82,8% құраған. Ел ішінде көшіп-қонушылар саны 19,7%-ға кеміді. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде: Алматы (5 834 адам), Шымкент (4 842адам), Нұр-Сұлтан    (4 516 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (216 адам) байқалды. Яғни бұл өңірлерге келгендер кеткендерден көп деген сөз.

Серікбол Селеубайұлы

inbusiness.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.