ЖЫР АЛЫБЫНА ТАҒЗЫМ

0 44
Биыл қазақ халық поэзиясының алыбы, жыр дүлдүлі Жамбыл Жабаевтың туғанына — 180 жыл.
🔹 Осыған орай бүгін ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
✅ Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қатысып, тұлға рухына тағзым етті.
🔹 Бүгінде жыр алыбының мерейтойына байланысты облыс аумағында түрлі мәдени-бұқаралық және қоғамдық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуда.
📌 Бұл шаралар Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын кеңінен насихаттауға, ұлттық өнер мен халық поэзиясын жас ұрпақ арасында дәріптеуге бағытталып отыр.
Leave A Reply

Your email address will not be published.