ОБЛЫС ӘКІМІ ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0 62
Мемлекеттің сенімді серіктесі саналатын үкіметтік емес ұйымдары — қоғамға қозғау салып, әлеуметтік әлеуетін арттыруға батыл қадамдар жасауда. Жасампаз істердің артында әрқашан үкіметтік емес ұйымдары тұратыны белгілі. Басты мақсат біреу — ол сапалы жұмыс жүргізу.
🔰27 ақпан – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай, Тараз қаласында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев үкіметтік емес ұйымдардың төрағаларымен кездесу өткізді. Жиын барысында аймақ басшысы елдің экономикалық әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың қоғам үшін маңызы зор екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, бірқатар белсенді аталмыш ұйымының төрағаларына марапаттауларын тапсырды.
🔰Кездесуге ауданымыздан барған «Сарысу патриоттары» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қуаныш Қияшев сөз сөйледі: — Қазақта, «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» деген даналық сөз бар. Наурыздың шуақты күніне тұспа-тұс келіп отырған алғыс айту күні аясында барлық аудандық үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары атынан ризашылығымды жеткізгім келеді.
Осы орайда, Жамбыл облысы бойынша барлық үкіметтік емес ұйымдардың басын бір арнаға біріктіріп, қолдау көрсетіп жатқан аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлына алғысым шексіз. Мүдделі мақсатты орындауда қажырлы еңбек ете береміз — деп ізгі тілегін жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.