Бүгін қалалық мәдениет үйі ғимаратында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, «Алғыс айту – парызым!» атты мерекелік кеш өтті.
Ізгі шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова, білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Мерекелік концерттік бағдарлама аясында шығармашылық ұжымдар өнер көрсетіп, «Адал азамат» бағдарламасының таныстырылымы, алғыс білдіру рәсімі көрініс берді.
Сонымен қатар, достық пен адамгершілік, білім мен білік сипатталған мазмұнды іс-шарада «Ізгі тілектер керуені» челленджі ұйымдастырылды.