Петропавлда әйел адам қонаққа келген ер адамды пультпен ұрып өлтірді

0 30

Петропавл қаласында тұрмыстық жанжал қайғылы жағдайға ұласты.

52 жастағы ер адамның соңғы күні танысының үйінде басталып, ауруханада аяқталды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 58 жастағы әйел өз үйінде қонағын қабылдаған. Таңертең екеуінің арасында жанжал туындап, ер адам бірінші болып күш қолданғаны айтылады. Артынша әйел қолына теледидар пультін алып, бірнеше рет соққы жасаған.

Оқиғадан кейін ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер он күн бойы оның өмірі үшін күрескенімен, ауыр бас-ми жарақаты салдарынан аман алып қалу мүмкін болмаған.

Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ретінде 58 жастағы әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жалғасуда.

Фото: ашық дереккөз

MadeniPortal.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.