СЕНАТ ДЕПУАТТАРЫ САУДАКЕНТТІКТЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

0 47
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған жалпыұлттық референдумға санаулы күндер қалды. Бұл ұлт тағдырын айқындайтын, елдік дамуды қалыптастыратын маңызды оқиға.
🔰Осы орайда, ауданымызға арнайы іссапармен келген ҚР Сенат депутаттары Бекболат Орынбеков пен Сакен Арубаевтың кездесуі Саудакентте жалғасты. Жиын барысында Сенат депутаттары жаңа Заң жобасын жан жақты түсіндіріп, алдағы келе жатқан референдумға ауыл тұрғындарын белсене атсалысуға шақырды.
🔰Жаңа жобада жеке өмір мен жеке деректерді қорғау нормалары цифрлық кеңістікке бейімделді. Бұл қазіргі қоғамдағы ақпараттық қауіптерді ескерудің нәтижесі. Мемлекет азаматтардың дербес мәліметтерін қорғауды күшейтеді. Жеке ақпаратқа заңсыз қол жеткізуге жол берілмейді.
Бұл норма азаматтардың сандық технологияларды қауіпсіз пайдалануына кепілдік береді. Құқықтық жүйе ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді қорғауды біріктіреді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.