Жаңа конституция жобасы – ел дамуының берік негізі

0 35
Бүгін Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен мазмұнды әрі ашық форматта кездесу өткіздік.
🔰 Кездесудің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын талқылап, оның ел дамуы үшін маңызын жан-жақты түсіндіру, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау жүйесінің даму бағыттарын саралау .
🔰 Жиын барысында жаңа Конституция жобасының мәні мен мазмұнына кеңінен тоқталып, алдағы өзгерістердің негізгі бағыттарын түсіндірдік. Бұл құжат – мемлекетіміздің болашақ бағдарын айқындайтын, әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды қадам. Сондықтан әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына бейжай қарамауы аса маңызды деп есептеймін.
🔰 Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын баяндап, 2026 жылға арналған басым міндеттерді таныстырды. Басты назар – медициналық көмектің сапасын арттыруға, қолжетімділігін кеңейтуге және халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталмақ.
🔰Кездесу барысында сала ардагерлерінің пікірлеріне ерекше мән берілді. Көпжылдық тәжірибесі бар мамандар өз ұсыныстарын айтып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты ойларымен бөлісті. Олардың бай тәжірибесі мен ақыл-кеңесі – біз үшін қашанда құнды.
🔰 Ашық әрі сындарлы форматта өткен жиында қойылған барлық сауалдарға нақты жауаптар берілді. Мұндай кездесулер билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, ортақ міндеттерді бірлесе шешуге мүмкіндік береді.
🔰 Алдағы 15 наурыз күні өтетін референдум – еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды тарихи сәт. Референдумға қатысу – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымының айқын көрінісі.
⚜️ Баршаңызды ел болашағы үшін маңызды осы саяси науқанға белсенді қатысуға шақырамын.
Leave A Reply

Your email address will not be published.