Конституция- ел бірлігінің тұғыры

0 25
Көктал ауылындағы Көктал орта мектебінде Конституциялық реформаны түсіндіруге арналған ұжымдық кездесу өтті.
Кездесу барысында Конституцияның ел өміріндегі маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, алдағы референдумның мәні мен азаматтық жауапкершілікке қатысты маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды. Конституциялық өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайту, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беру екені айтылды.
Ұстаздар қауымы ұсынылып отырған өзгерістердің ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, коалицияның ұсыныстарына қолдау білдірді. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.
Осындай кездесулердің басты мақсаты – әрбір азаматқа конституциялық реформалардың мәнін түсіндіру, қоғамдағы бірлікті арттыру және елдің ертеңіне саналы түрде үлес қосуға шақыру.
Байзақ ауданы
Leave A Reply

Your email address will not be published.