«Атырау – Ақпаратта» кадрлық өзгерістер болды

0 305

Бүгін «Атырау-Ақпарат» ЖШС-інде мекеменің құрылымына өзгерістер енгізілуіне байланысты кадрлық ауыс-түйістер орын алды.

Медиасеріктестік бас директорының бірінші орынбасары Рауан Сәбитұлы ұжымға Бас директордың жаңа кеңесшісі – Жақанова Ләйла Ильяқызын таныстырды. Ләйла Ильяқызы бұған дейін Үкімет аппаратында, Ұлттық тестілеу орталығында, бірқатар білім беру мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ, бұдан былай Серіктестіктің қаржылық директоры қызметін Дабысов Әлімжан Есенаманұлы атқаратын болады. Ол бұған дейін мекеменің жарнама бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді. Серіктестік басшылығы қос қызметкерге үлкен жауапкершілік артылып отырғанын жеткізіп, қызметтеріне табыс тіледі.

img 20210416 wa0030
img 20210416 wa0029

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.