Жаңа формат, нақты міндет

0 181
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтті. Жиын алдында қатысушыларға аудан басшысы жаңадан тағайындалған аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Сметов Қуаныш Әділбекұлын таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
📌Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Жаңа конституция жобасын түсіндіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Сәлімова баяндама жасады.
📌Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Алдағы референдумға сайлау учаскелерінің дайындығы туралы» аудан әкімі аппаратының басшысы Құдайберген Рысдәулет есеп берді.
📌Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған шаралар туралы» аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Алмаз Мелдеев атқарылған жұмыстарға тоқталды.
🔰Күн тәртібіндегі қосымша мәселе бойынша аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы баяндамашылар мен жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.