АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ

0 31
Ұлы Конституциямыз — кемел келешегіміздің кепілі. Айбарлы Ата Заңымыз елдігіміздің айғағы, ұлтымыздың тұтастығы. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізген шақта Конституцияны бекітіп, мемлекеттік құқықтық актілерді қалыптастырды. Бүгінде ұлт тағдыры ұштасқан Ата Заңымыз — егемендіктің жарқын көрінісі болары анық.
🔰Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Конституциясы құрметіне арналған «Ата Заң – Тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты салтанатты жиын өтті. Алдымен сахнаға Мемлекет Ту енгізіліп, Әнұран шырқалды. Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, Конституциямыз еліміздің тірегі екенін айтып, алдағы келе жатқан саяси науқанға барлық тұрғындарды белсенді болуға шақырды. Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Диханбай Ақділда мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мадина Прімбек те рухты сөздерін арнап, жиынға қатысушыларға патриоттық сезім сыйлады.
🔰Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудандық мәдениет үйінің әншілері «Сарысу» триосы «Бұлқынды жүрек», «Өз елім», Мөлдір Мұсаева «Халқым-ай», Ахат Кенжебаев «Бұлбұлым» Қыздар триосы «Бақыт», Әмірғали Бақытов «Дүр қамшы», Қолқанат Темірбекқызы «Желдірме», «Сүйем сені Қазақстаным», Эсма Іңкәрбек «Бұлбұл-ай», Зарина Досболова «Дудар-ай», Диана Сейдіш «Отаным» және Мәди Таутаев «Сарысуым» әндерін орындады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.