Жер қатынастары бөлімінде жаңа басшы

0 56
Сарысу ауданы әкімінің 2026 жылғы 17 ақпандағы №19-ж/қ өкімімен Сметов Қуаныш Әділбекұлы Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Жаңадан тағайындалған бөлім басшысын Сәкен Мамытов құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, жер қатынастары саласын жандандыру бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді. Мұнан соң аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек пен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Файыз Сағындықов та ізгі тілектерін жолдап, жемісті қызмет ете беруіне тілектестігін жеткізді.
🔰Сметов Қуаныш Әділбекұлы 1983 жылы 30 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2004 жылы А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы Сарысу аудандық аумақтық сот орындаушысы болып бастаған;
2007-2010 жылдары Сарысу ауданы бойынша салық басқармасының құқық қорғау және өндіру бөлімінің, құқықтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің жетекші маман-заңгері;
2013-2017 жылдары Жаңатас қаласы әкімі аппаратының бас маманы;
2017-2025 жылдары «Қазпошта» акционеролык қоғамы Жамбыл облыстық филиалының Сарысу аудандық пошта байланыс торабының басшысы;
2025 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Сарысу ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімшесінің бас инспекторы қызметтерін атқарған.
🔰Отбасылы, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.
Cарысу ауданы
Leave A Reply

Your email address will not be published.