«Қаталсың, қателікті кешірмейсің»
Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде ерекше жазба жария етті , деп хабарлайды turkystan.kz.
Актриса Алматы қаласында жүрген ерекше видеоларын бөлісті.
«Алматы, кербезсің, сұлусың, кейде қаталсың, қателікті кешірмейсің… Ал, кейде тым жайдары, жып-жылысың… Сендегі құдірет, өзіңді сүйгізесің, ғашық етесің… Асқақсың, Алатауыңмен аспан тірейсің, көк түтініңмен тұншықтырасың… Ps: Мен сені жақсы көремін», — деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Желі қолданушылары актрисаға жылы лебіздерін білдірді.
«Жаным ,жұлдызың жана берсін, Жұлдыз ханым», «Өте әдемі және әсем сіз, тағыда талантты адам сіз, бақытты болыңыз», «Жұлдыз ханым Қайратты бірге жүрші сендер келіншек жалғыз болмау керек», — деп жазды желі қолданушылары.
Фото; ашық дереккөз
turkystan.kz.