КЕЗДЕСУ. МӘСЕЛЕ. ШЕШІМ

0 37
Бүгін Игілік ауылдық округінде аудан әкімі Сәкен Мамытовтың ауыл тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Кездесуге ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық билер кеңесінің төрағасы, мекеме, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімі мен тұрғындар қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы ауданның экономикалық әлеуметтік дамуына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Кездесуге қатысушылар түрлі өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ауылдағы шешілмеген мәселелерді қозғады. Аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы сұрақтарға Заң аясында жауап беріп, алдағы уақытта шешілу жолдарын қарастыратынын жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.