КЕЗДЕСУ
Мойынқұм ауданының әкімі Е.Карентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіру, оның маңыздылығы мен қоғам үшін стратегиялық мәнін кеңінен насихаттау мақсатында Айдарлы ауылының «Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өтті.

Кездесу барысында аудан әкімі Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты тоқталып, олардың ел дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті нығайту бағытындағы негізгі басымдықтар түсіндірілді.