Абай облысында су тасқыны кезеңіне дайындық мәселесі қаралды
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында көктемгі су тасқынына дайындық, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Кеңеске облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережимде қосылды.



«Көктемгі су тасқыны – жыл сайын ерекше назар аударуды талап ететін маңызды мәселе. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымның тұрақты жұмысын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу – біздің басты міндетіміз. Облыс аумағындағы бірқатар елді мекендерде су басу қаупі сақталып отырғанын ескере отырып, барлық жауапты органдардың дайындық деңгейін, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін, сондай-ақ, жеке құрам мен техниканың әзірлігін нақты бағалау қажет», – деді облыс әкімі.