Жұмыстардың нәтижесі зерделенді
Бүгін Құлан аумағында көктемгі кезеңдегі су тасқындарының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесі зерделенді. Жалпы, өткен жылдары су басу қаупі тіркелген аумақтарда алдын алу шаралары күшейтіліп, дренаждық каналдар қазылып, арналар тазартылған болатын.

Бүгінгі зерделеу барысында аталған жұмыстардың тиімділігі тексеріліп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты міндеттер жүктелді. Осы тұста, тұрғындар тарапынан атқарылған жұмыстарға кедергі келтіріліп, қазылған және тазартылған арық-атыздарға түнгі мезгілде тұрмыстық қалдықтарды тастау деректері жиі қайталанып отырғандығын атап өту қажет. Аталған әрекеттер арналардың су өткізу қабілетін төмендетіп, елді мекендерді су басу қаупін еселей түсетінін ескеру керек. Осыған байланысты, аудан тұрғындарын ортақ қауіпсіздікке бейжай қарамай, заңсыз әрі жауапсыз әрекеттерге жол бермеуге шақырамын.