Мәдениет – ұлттың рухани тірегі

0 26
Бүгін Конституциялық реформа аясында мәдениет саласының өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесуге музей, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, сала мамандары қатысты.
Жиын барысында Конституцияға енгізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, жаңа Конституциялық нормаларда ұлттық мәдени мұраны сақтау, тарихи ескерткіштерді қорғау, шығармашылық еркіндік пен мәдени әртүрлілікті қолдау мәселелеріне ерекше мән беріліп отырғаны атап өтілді.
Мәдениет – ұлттың рухани тірегі екені белгілі.
Осы тұрғыда Конституциялық реформа мәдениет саласының дамуына, сала қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға әрі тиімді жүзеге асуына құқықтық негіз қалыптастырады.
Кездесу барысында қатысушылар мәдениет ұйымдарының жұмысын жетілдіру, мәдени мұраны сақтаудағы заңнамалық тетіктерді күшейту, өңірлік мәдениетті дамытуға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар, Конституциялық реформаның қоғамдағы әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны, бұл өз кезегінде мәдениет саласында да жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны айтылды.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, мәдениет саласы өкілдерінің реформаны жан-жақты түсінуіне ықпал ететін болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.