FSM SOCIAL – ЗАМАН ТАЛАБЫ

0 44
Ауданда әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған мобильдік топ құрылды. Әлеуметтік жағынан осал топтарға уақтылы көмек көрсету мақсатында құрылған мобильдік топ құрамына прокуратура, полиция, білім беру саласының мамандары, емхана, ауылдық округ әкімдері, әлеуметтік қызметкерлер және Қаратау қаласындағы «Отбасын қолдау» орталығының мамандары енгізілді.
Жалпы, мобильдік топ құрамында 232 адам бар. Олар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде мобильдік топ мүшелері ретінде тіркеуден өтті.
Мобильдік топтың негізгі мақсаты аудан аумағында өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар мен азаматтарды ерте кезеңде анықтап, оларға әлеуметтік, құқықтық, психологиялық және педагогикалық көмекті уақтылы ұйымдастыру және ұсыну. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, қараусыздықтың және өзге де әлеуметтік тәуекелдердің алдын алу, мемлекеттік орган­дар мен мекемелер арасындағы ведомст­воа­ралық өзара іс-қимылды күшейту көзделген.
Сондай-ақ мобильдік топ мүшелері азаматтарды FSM Social және басқа да мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы тіркеу, бағыттау жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға атсалысады.
Қазіргі таңда Талас аудандық «Отбасын қолдау орталығының» қызметкерлері мобильдік топ мүшелерін FSM Social бағдарламасына қосу жұмыстарын белсенді түрде жүзеге асыруда.
FSM Social – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмекті цифрлан­дыруға арналған ақпараттық жүйе. Бағдар­лама арқылы азаматтардың әлеуметтік мәртебесі анықталып, оларға қажетті қолдау түрлері жүйелі түрде белгіленеді. Сонымен қатар платформа мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қызмет көрсетуші мекемелер арасында ақпарат алмасуды жеңілдетіп, көрсетілетін көмектің уақтылы әрі нысаналы болуын қамтамасыз етеді.
FSM Social жүйесі әлеуметтік тәуекел­дерді ерте анықтауға, көмекке мұқтаж азаматтар­ды есепке алуға және оларды тиісті мемле­кет­тік қолдау шараларына бағыттауға мүм­кіндік береді. Бұл өз кезегінде көр­сетілетін әлеуметтік қызметтердің тиім­ділі­гін арттырып, қызмет көрсету барысындағы ашықтықты қамтамасыз етеді.
Талас ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.