Конституция – тәуелсіздігіміздің тұғыры
Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын түсіндіру мақсатында жастармен кездесу өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Конституциялық реформаның негізгі бағыттары, елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы маңызы және қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

Жастарға бағытталған бұл диалог алаңы ашық пікір алмасуға, реформалардың мәні мен мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, қоғамдық-саяси процестерге қатысуының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, конституциялық өзгерістердің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және жергілікті өзін-өзі басқару институттарының рөлін арттыруға бағытталғаны сөз болды.
Кездесуге қатысқан жастар өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, елдің болашағына қатысты өзекті сұрақтарын қойды. Ашық диалог форматында өткен жиын жастардың саяси белсенділігін арттырып, олардың мемлекеттік басқару процесіне қатысуына деген қызығушылығын күшейтті.