ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ

0 51
Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, барлық дейгейдегі әкімдердің 2026 жылға арналған жоспарына сәйкес, бүгін аудан әкімі С.Мамытовтің Қамқалы ауылдық округіне қарасты Жайлаукөл ауылында халықпен есеп беру жиыны өтті.
🔰Жиынға аудандық билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев, аудандық құқық қорғау органдары саласының өкілдері, аудан әкімдігінің салалық мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
🔰Жайлаукөл ауылында өткен есепті
кездесуде Сәкен Үмбетұлы 2025 жылы ауданда атқарылған жұмыстарды баяндап, биылғы алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, жыл басында кездесуде көтерілген мәселелердің шешілу барысы туралы айтылды.
🔰Кездесуден соң тұрғындар өзекті мәселелерді қозғады. Атап айтсақ, 2,5 пайыздық несие алу, жайылымдылық жерлерді зерделеу мәселесі, ауылдағы амбулаторияға жедел жәрдем көлігі қажеттігі айтылды. Ауыл тұрғындарының тілегін тыңдаған аудан басшысы оң шешімін табуына ықпал ететінін жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.