МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

0 50
Бүгін Сарысу аудандық орталық ауруханада міндетті медициналық сақтандыру мәселесі бойынша кездесу өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова, аудандық орталық аурухананың қызметкерлері мен аудандық санитарлық — эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары қатысты.
🔰Күн тәртібінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша деректерге талдау жүргізіліп, иммунопрофилактиканың орындалу деңгейі мен жылдық жоспардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.
🔰Аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы күн тәртібіндегі көтерілген мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктеп, басты мақсат — міндетті медициналық сақтандыруды жүйелі жолға қою туралы айтты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.